Текст
Өзін-өзі тану апталығының өтуіне байланысты Оқжетпес орта мектебінің бастауыш сыныптар арасында ән фестивальі өтті. Оқушылар осы фестивальге өте керемет дайындықпен келгендері байқалды. Әндерінің тақырыптары «Ақ мамам», «Әжетайым», «Туған ел», «Астана», «Ата-анамды тыңдаймын» «Дос болайық
бәріміз», «Мен әдепті баламын», «Ұстаз –ана» «Ай дидарлы анашым», «Оқуда озат боламын» таңдалған екен. Әндерді дайындау барысында көмек берген ұстаздарына алғыс білдіреміз. Әндерін тамаша көңіл-күймен нақышына келтіре орындады. Оқушылардың өнерлері асқақтай берсін деген тілегіміз бар.