Өзiн-өзi тану пәнінің онкүндігінде өткізілген ашық сабақ жоспары.
Мектеп Оқжетпес орта мектебі
Мерзiмі 08.02.2017 ж
Тақырып Меніңарманым
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: өз мамандығын дұрыс таңдай біліп,
қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен
қарау, өзімшіл болмау, достарына көмек қолын соза білу әдетіне баулу.
Мұғалiм: Имаканова КульмайраКошановна Cынып 4Оқушылар саны: 10
Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды кәсіптердің түрлері мен олардың қызметімен таныстыру; Дамытушылық: Лексикалық қорын жетілдіру, өзіндік пікір, көзқарастарын ұжымда дәлелді сөйлеу дағдыларын кеңейту; Тәрбиелік: Әрбір кәсіптің орны мен маңыздылығы бар екендігін дәлелдеу арқылы әр істің шебері болу қажеттілігін ұғындыру. Жақсы армандай білуге, ойлаған арман, мақсатына жете білуге ұмтылдыру. Міндеттері: -Әр кәсіптің өз орны мен маңыздылығын, қоршаған ортаға қажеттілігі туралы пікір қалыптастыру; -Армандағы кәсіптің шебері болуы үшін білім мен ынтаның қажеттілігін ұғындыру; Сабақтың түрі: жаңа сабақ Көрнекілігі: Мамандықтар суреттері, слайды, бейнежазба, электронды оқулық, электронды ән жинағы, бояу, гүлдер, атақты адамдардың суреттері. «Ұлы тұлғалар» буклеттері. Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ән айту, сұрақ –жауап, бейнелей білу әдісі, жобалау. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәтi. «Су астындағы патшалыққа саяхат» Ойша су асты патшалығына саяхат жасау. (Оқушыларды түзу отырып, қолдарын тізесіне қойсын, аяқты айқастыруға болмайды. Жайлы, баяу музыканы қою). Мұғалім: Көздеріңді жұмып, бірнеше рет демалып, дем шығарыңыздар. Денені бос ұстаңдар. Біз теңіз жалауында жүрміз деп ойлаңыз. Теңіз толқындары мен шағалалардың баяу дауыстарын естіп тұрсыз ба? Жалаң аяқ астында жұп- жұмсақ құмды сезесіз бе, теңіз үстінде алыстан бір қара нүктені байқадыңыз, ол не екен? ... ол дельфин, дельфин жүзіп сізді теңіз түбіне саяхатқа алып бару үшін келіп тұр. Жайлар оның арқасына отырып алыңыз да саяхатқа шығыңыз. Теңіз түбіне сүңгіп кеткен дельфин досыңыз сізге бар ыңғайды жасап келеді. Мөп- мөлдір су астында сіз өмірі көрмеген түрлі- түсті өсімдіктер мен балқтың бірнеше түріне тап болдыңыз. Алдыңызда үлкен балықтар өтіп жатыр, ал анау алыстағы Сегіз аяқ болады. Керемет, неткен тыныштық пен сұлулық десеңізші... Кәдімгі көк экрандағыдай көрініс. Осы жағдайда сәл бола тұрыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз тұрады). Ал енді жоғарыдағы өз әлемімізге қайту үшін дайындалыңыздар. Жан- жағыңызға мұқият қарап алыңыз. Неткен тыныштық, неткен сұлулық, осы тыныштықтың сізге қалай әсер ететіндігін есте сақтаңыз. Дельфин жер бетіне қайтпақшы, сіз жағалауға келдіңіз. Дельфиннен түсіп, оны маңдайынан сипап, саяхат үшін оған ризашылығыңызды білдіріңіз. Бөлмеге келіп, өз орныңызға да жеттіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашасыз, бірақ осы тыныштық сезіміңізді сақтап қалуға тырысыңыз.
|
Сабақ барысын талқылау: бейнежазба көрсету: «Су астындағы патшалыққа саяхат» |
Дәйек сөз. «Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз, Маңыздысы АДАМ болыңыз» Әл-Фараби |
Оқушылар бірнеше рет қайталап ой түйеді. |
-Арманның үлкен-кішісі бола ма? -Арманың қандай? Өскенде кім болуды армандайсың? Біз білмейтін армандар да болуы мүмкін бе? - Қандай атақты адамдарды білесіңдер? Мұғалім сыйы: (әңгімелеу) - Арман деген не?,- деп сұрапты жігіт көп жасаған қариядан. - Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы, Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт жүректі болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіме үлгі болсам дейді. - Арманына адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді,- депті қарт. -Жер шарында қанша кәсіп болса, әр кәсіптің өзіндік маңызы, қоғамға қажеті бар. Сондықтан сіздер армандаған әр мамандық өз ерекшелігімен қажет. Тек арманың ізгі ниетті, адал жүректен болуы крек. Олай болмаса сенің арманың айналаңа өз үлесін тигізеді өзіңе де , өзгеде пайдасы болады. Сондықтан адамға белгілі бір кәсіптің иесі болуы үшін, ізгі ниет, таудай талап, асқан шеберлік керек. 1 сұрақ. Қандай мамандық түрлерін білесіңдер? 2 сұрақ. Ержеткенде қандай кәсіппен айналысасың? 3 сұрақ. Аса қажетті мамандық қай мамандық деп ойлайсыңдар? 4- сұрақ Біз естіген мамандықтар бар деп ойлайсыңдар ма? Мамандықтар түрлері көрсету ( бейнеролик ) презентация көрсету |
Электронды оқулықпен жұмыс |
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1- Топ - «Арман менің аңсаған» қалай бейнелейсің?
Өз қиялыңдағы арман бейнесін жаса. (сурет салады). 2- Топ «Мамандықтың бәрі жақсы» ертегі құрастыру. 3- Топ. «Арманым менің ардағым» өлең-жыр құрастырады. 4- Ойын «Егер де мен» «Егер де мен ------------------ болсам, ... Егер де мен ........................ болсам, .... . т.б. жалғасады. |
Оқушылардың танымдық қабілеті, -ой өрісі, еңбексүйгіштігі артады. |
|
Отбасымен бірлескен жұмыс. |
Сөзі Ж.Тұрбековтікі Әні Ә.Еспаевтікі
Жарастықпен жайнатып өмір көркін, Гүл бақшада сайрандап, өскен еркін. Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз, Келешекте ұлы істі меңгеретін.
Отанымыз әлпештеп анадайын, Құшақтайды аялап сағат сайын. Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң, Не керектің біз үшін бәрі дайын.
Білім шыңын өрлейміз, басып алға, Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз, Бостандық туы желбіреп қолымызда.
|
Электронды ән жинағынан орындау. |
|
Оқушылар тыныштанады. |