"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.02.2018

      Өзін –өзі тану пәнінен «Сүйіспеншілік және шығармашылық» атты онкүндігінде бастауыш сыныптарда өткен «Анашым аяулым»тақырыбында өткен өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

Мақсаты:

 Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну. Ана еңбегін қадірлеу білу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер ана туралы,шарлар,гүлдер,магнитофон

Мақал-мәтелдер

Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,

Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал.

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Аналарға арналған оқушылардың дайындаған өлеңді мәнерлеп оқу сайысын бастаймыз.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.4-сынып оқушылары

 Билялов Нурдәулет:

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.

 

Балабек Мөлдір:

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, пәк анам.

Сен керексің қайда да,

Айналайын, ақ анам.

 

Алтынбаева Азиза:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені,

Өте жақсы көреді.

           

Садвакасова Жания:

Жақсылық тілеген,

Анашым – данасың.

Осынау дүниеде,

Біз үшін дарасың.

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген анамды мен

Жүрсем деймін шаттандырып.

 

Рамазан Гүлназ:

Жанымызды

жайнатқан

Сіздерсіз

ғой аналар.

Зор

денсаулық, мол бақыт

Тілейміз

біз балалар.

 

 

 

Жуматаева Амина:

Ақыл

айтып баптаған,

Анам

үшін мақтанам.

Аялаған

ұрпақтарын

Көп

жасасын жақсы адам!

Кемеңгерсің,

данасың.

Арқа

тұтар панасың

Еңбегіңді

ақтаймын.

Аман

болшы, анашым.

 

3 «Ә» сынып оқушылары

 

 

Найманбаев Ержас:

Анашым!

Асыл

анам, есіл анам,

Елжіреп

есіркеймін, есіме алам.

Мен

үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам,

боп жүрмін несіне адам.

 

Алыс

жолда жүрсем де арып-ашып,

Ағат

ойлап түсірмей жаныңа шық,

Оқытып

кешеу барған хаттарымды

Отырмысың

үрпиіп, жаның ашып?

 

 

Талғат Ақнұр:

Менің

анам ардақты,

Алтыннан

да салмақты

Жақсы

көріп баласын,

Мәпелейді

анашым

Жақсылыққа

шақырып,

Жамандықтан

тыяды.

Мейіріммен

тәрбиелеп

Иман

нұрын құяды.

           

Бейсенова Дильназ:

Анашым

менің анашым,

 Мәпелеп өсірген сен едің .

 Мейірімің қандай керемет!?

Анашым

менің анашым.

Анашым

аяулы адам сен едің,

 Серігі болған біздердің .

 Түн ұйқысын төрт бөлген,

Қамқоршы

менің анашым.

Анашым

асыл адам сен едің,

Біздерді

бесігіңмен тербедің.

Аялаған

біздерді

Ардақты

анашым сен едің.

 

Жақсылық Жансая:

Ақ

сүтін берген анашым,

 Ақылды менің данашым.

 Өзіңдей жанды әлемнен,

 Қайдан табамын анашым?!

 

 

 

Кенесары:

Дүниедегі

ең кемеңгер дананы

Ана

табады, аялайды, бағады.

Сол

үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік

қасиетті ананы,

 

Ердаулет

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің

күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша

аяулы ана тына алармын

Ән

болып сағыныштан ақтарылмай

 

 

Айнұр

Не

деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Сыйынатын

болса өмірде құдірет,

Сыйынар

ем ана деген тәңірге!

Анады

да, мені де әлпештеген,

 

Аяулым

Қайтпас

қайрат, дариядай ақыл берген.

Ниетің

қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп

өсе берсін, бала-шаға, немерелер.

Әрқашанда

ана сізбен берекеміз.

 

Еркеназ

Демеңіз

біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл

де біраз жерге таяп қалды.

Қош

болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен

концертіміз аяқталды.

 Қорытынды сөзді

мерекенің қонақтарына береміз.

Бәріміз бірге ән: Аяулы анашым.

 

Просмотров: 631


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст