Текст
21-22 қыркүйекте ✓1 мектеп - гимназиясында «Жастар» аудандық мектеп оқушыларының спартакиадасы аясында 5-6 сыныптар арасында футболдан мектеп лигасы жарысы өтті. Оқжетпес орта мектебінің құрамында Аманбек Даниял, Ескеев Ернар, Беков Ерәлі, Бейсенов Санжар, Қайырбеков Нұрболат, Қуанышев Елнар, Шеверев Валерий, Балакин Александр, Баймулдин Алдаир, Саурықов Арслан белсенді қатысты. Жігіттер өзара ойында достық қарым-қатынас танытып, командада өзара көмек көрсетті.
Воропаева Л.И.