"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп мұражайына саяхат

27.03.2019

Мен бүгін 2 – сынып оқушыларыммен бірге мектеп ішінде орналасқан мұражайға саяхат жасадым. Саяхатымыз өте қызықты өтті деп ойлаймын. Өйткені экскурсия жетекшісі Валентина Федоровна барлық тарихты әдемі айтып, әр оқушының бойында патриоттық сезімді оята білді. Ол кісінің мазмұнды да мәнерлі әңгімелері кез – келген адамның жүрегін елжіретеді.

Біз мұражайда Оқжетпес совхозының, мектебіміздің шығу тарихымен және бұл жерде болған үлкен жемістер, көкөністер жылыжайымен таныстық. Ол жерде маңдай терін төгіп еңбек еткен адамдардың жұмыстарын тамашаладық. Жылыжайда өсіп тұрған қияр, қызанақ, бұрыш сияқты көкөністерді көріп, ол кісілердің еңбектерін одан да биік бағалау керектігін түсіндік. Мектебіміздің ашылу тарихымен таныстық. Ең алғашқы мектеп есігін ашқан “Сиқырлы кілтті” көріп, таң – тамаша болдық. Сонымен қатар альбомнан көптеген фотосуреттер көрдік. Мектебіміздің алғашқы түлектерін ұшырған Аққағаз апайдың ерен еңбектері де аталып өтті. Әрине, өткен өмір өте қызық және қанша естелік.

Валентина Федоровна ауған соғысы туралы да көптеген әңгімелер айтып, жүрегімізді елжіретті. Балалар ауған соғысына қатысқан ағаларының ерен еңбектерін естіп өз бойларынан да патриоттық рухты сезіне білді деп ойлаймын. Ағаларының мұражайға сыйлаған бас киімін көріп, тамашалады. Мұражайдан оқушылар сонымен қатар көне заттарды көріп, олар туралы көптеген сұрақтар қойып, Валентина Федоровнадан толық та нақты жауап алды. Бұл мұражайға барғанымызға өте қуанышты болдық. Өйткені оқушылар Оқжетпес совхозының, мектебіміздің шығу тарихымен, ауған соғысына қатысқан ағаларының ерлік істерімен танысып қайтты. Оқушылардың бойынан патриоттық сезімді байқап, қуанышты сезімге бөлендім.

Мұражайға саяхат жасатып, барлық тарихты балдай етіп мазмұнды да мағыналы етіп түсіндірген экскурсия жетекшісі Валентина Федоровнаға айтар алғысымыз шексіз.

 

                                                                                                                2 – сынып жетекшісі: А.Е.Доненбаева

 
Просмотров: 877


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст