"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мәскеуге олжалы сапар!

14.03.2019

Әр оқушы-жеке тұлға. Бәрінің де арманы жақсы оқысам,биіктен көрінсем деген асқақ ойлары бар. Ал ,олардың әрбіреуімен пікірлесіп,ақылдасып,жұмыстансақ барлық оқушы да талантты. Оқжетпес орта мектебінде оқушылардың дарыны мен талантын, шығармашылығын дамыту үшін барлық жағдайды ұстаздар мен ата-аналар барынша жасап жатыр. Оған дәлелі, таяуда Мәскеу қаласына барып келген сапарымыз.

Мәскеудегі іс –шара оқушылар мен ұстаздарға арналған V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Конференция тақырыптары оқушылар үшін, «Қазақстан-Ресей. Шексіз ғылым», ұстаздар үшін «Жаңа технологиялар және педагогикалық тәжірибе» . Оқушылар арасындағы жобалар сайысында 9 сынып оқушылары Қайруллаева Айнұр мен Қайруллаева Ақнұр «ЭкоNimbus» атты жобасын қорғап, жүлделі 1 орын иеленді. 10 сынып оқушысы Лукьянова Юля «Выращивание аморантов в условиях северного региона» деген жобасымен жүлделі 1 орынды иеленді. Ал ең кішкентай қатысушымыз « Менің жасаған мультфильмдерім» атты жобамен 3 орынды иеленді. Бұл сапар біздің оқушылар мен ұстаздар үшін сәтті өтті. Ұстаздар арасында өз тәжірибесімен бөлісіп жүлделі 2 орынды бастауыш сынып мұғалімі Имаканова Күлмайра Кошановна иеленді. Жүлделі 1 орынды бастауыш сынып мұғалімі Джуматаева Акмарал Болегеновна иеленді. Бұл нәтижемен оқушыларымыз бен ұстаздары Польша мемлекетінде қараша айында өтетін халықаралық конференцияға жолдама алып отыр.

Бұл сапар, олжалы сапар болды. Себебі, барып отырған 6 қатысушымыз орынмен келіп отыр. Оқушылар мен ұстаздарға тілейтініміз, белестерді бағындыра берсін, денсаулықтары мықты болсын, Варшавада өтетін конференциядан да жүлделі орынмен келсін. Сәт-сапар тілейміз!

Мектеп әкімшілігі.

Просмотров: 528


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст