Текст
9-10 ақпан аралығында Алматы қаласында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» атты XXXXVI Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл конференцияға біздің мектебіміздің 9 сынып оқушылары Қайруллаева Айнұр мен Қайруллаева Ақнұр «Эко-Nimbus» атты ғылыми жобаларымен қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді. Жеңімпаздарды дипломдар мен медальдармен марапаттады. Жоба жетекшісі Джуматаева Акмарал Болегеновна.
Біз қыздарды құттықтап, наурыздың 8-10 аралығында Мәскеуде өтетін конференцияның келесі кезеңінде жеңіске жетуін тілеп, сәттілік тілейміз.